Ерейментаудағы қайырымдылық балында 900 мың теңге қаржы жиналды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында өткен қайырымдылық балынан 900 мың теңгеге жуық қаржы жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Бала арманы» қайырымдылық балын «Ақмола облысының іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі мен Ерейментау ауданы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Шараның мақсаты - науқас балаларға көмек ретінде қаржы жинау.

«Бұл игі іске аудандағы жеке кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлері қатысты. Олардың теңдессіз қолөнер туындылары саудаға шығарылды. Сонымен қатар, шараға жиналғандар аудандық мәдениет үйінің әртістері мен балалар музыка мектебінің тәрбиеленушілері өнерлерін тамашалады.

Сауда қорытындысы бойынша, жалпы 900 мың теңгеге жуық қаржы жиналды. Сол жерде, онлайн режимде Түркияда ота жасау қажет бала Ислам Хасеновтың анасына Ыстамбұлға барып, қайтатын ұшаққа билет сатып әперілді және өзге де шығындары үшін қаржы берілді.

Сонымен қатар, жиналған қаржының бір бөлігі Анжела Землянойдың отбасына пәтер жалдау, көмір және азық-түлік сатып әперуге жұмсалса, қалғаны кішкентай Алинур Хабибуллинді сауықтыруға бағытталады», деп айтты ведомстводан.

Қайырымдылық балы жоғары деңгейде өтті. Балда «Ақмола облысының іскер әйлдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері тарапынан да материалдық көмек көрсетілгенін айта кеткен абзал.

Соңғы жаңалықтар