Ерейментауда кәсіпкерді өлтірген анасы мен қызы сотталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында кəсіпкер əйелді айуандықпен өлтіріп, 3 млн теңгеден астам ақшасын алып кеткендер сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Соттың мәліметінше, қанды оқиға 2018 жылдың 20-21 қаңтарында Ерейментау қаласында болған. 1960 жəне 1984 жылғы сотталушылар жергілікті кəсіпкер əйелдің үйіне барып, оған алдымен бетіне сірке суын шашып, кейін кеуде жəне іш тұсынан бірнеше рет пышақ сұғып алған. Артынша ес-түсіз  жатқан әйелдің басынан балғамен ұрып, үйде сақтаулы тұрған 3 144 000 теңге ақшасын жымқырып кеткен.

Үйінде ес-түссіз, қаңсырап жатқан кəсіпкер əйелді туыстары көріп, көмек шақырған. Әйел ауруханаға апара жатқан жолда жедел жәрдем қызметі көлігінде ес жимастан көз жұмады.

Кейін күдіктілер ұсталып, қылмыстарын мойындайды. Тергеу амалдары кезінде күдіктілердің ұрланған ақшаның біраз бөлігін жұмсағаны да анықталады.

«Сот іс материалдарын саралап, күдіктілердің қарақшылық қылмысқа алдын ала дайындалғанын жəне жасаған қылмыстың ауырлығын ескере келе, 1984 жылғы Г.-ға 18 жыл, ал, оның анасы Д.-ға 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оған қоса, зардап шеккен тарапқа 2 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуді міндеттеді», - деді соттан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар