Ерейментауда 6 баласы бар отбасыға көмек көрсетілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ерейментау ауданында мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қыметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ерейментау ауданы әкімдігіне әлеуметтік желі арқылы Тайба ауылының тұрғыны, 6 баланың анасы хабарласып көмек сұраған. Онда көпбалалы ана әкімдіктегілерден көмір мен құжаттары бойынша туындаған мәселені шешіп беруді сұраған.null

Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары, жұмыс тобының төрағасы Абай Әлжанов бұл мәселені өзінің жеке бақылауына алып, аталған отбасы мүшелерімен кездесті.

Кездесуде бұл отбасыда несие бойынша қарызы бары анықталды. Отағасының тапқан айлығы толығымен банкке несие қарызын өтеуге жұмсалады екен. Отбасы көмірге мұқтаж және отағасының құжаттарын жөнге келтіруді қажет етеді.

«Көпбалалы отбасының сауалы бойынша көші-қон қызметінің мамандары, әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Марина Сердцева, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Медеу Әбжіков және Тайбай селолық округінің әкімі тарапынан тұшымды жауап берілді.null

Мұқтаж отбасына көмір жеткізілді. Сонымен қатар, құжаттарын қалпына келтіру бойынша да көмек көрсетілетін болады. Және олар Ерейментау ауданы әкімдігінің жанынан құрылған жұмыс тобының ерекше бақылауына алынып отыр», - дейді ведомстводағылар

Соңғы жаңалықтар