Ерейментау тұрғыны мемлекеттік бағдарламаның көмегімен шеберхана ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ерейментаулық Тасболат Жүкенов «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы көмегімен шеберхана ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Кәсіпкер алдымен аудандық жұмыспен қамту орталығына барып, мамандардан кеңес алған. Кейін кәсіпкерлік негізі бойынша арнайы курстан өтіп, төмен пайыздық мөлшерлемемен 1,5 миллион теңге несиеге қол жеткізді.

Кәсіпкер бұл қаржыға металл, ағаш және пластмасса өнімдерін өңдеп, қайта қалпына келтіретін цех ашты. Бүгіндері жеке кәсіпкер «Даниял» деп аталатын шеберхана қызметіне сұраныс жоғары.

«Өз кәсібін ашамын деушілерге «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының шапағаты зор. Оған қатысып, өз кәсібімді ақшаныма ризамын. Ауылдастарыма да осы бағдарламаға қатысуды шақырамын», дейді Тасболат Жүкенов.

Соңғы жаңалықтар