Ерейментау қаласында 5 жасар қыз ойнап жүріп абайсызда мұздың астына батып кетті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау қаласындағы Шымбұлақ өзенінде ойнап жүріп, абайсызда мұздың астына батып кеткен қыздың өлі денесі табылды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

Оқыс оқиға 31 наурыз күні кешкі 18:00 шамасында болған. Куәгерлердің айтуларына қарағанда, Ерейментау қаласындағы Шымбұлақ өзенінің бетіндегі мұз үстінде кұрбыларымен ойнап жүрген 2009 жылы туған қыз бала Алина Пославская абайсызда мұз жарығына құлап, судың ағысымен мұздың астына батып кетеді.

Өкінішке орай, қалың мұздың өзен суының ағысымен жылжып бара жатқандықтан оны ажал кармағынан арашалап қалу мүмкін болмады. Тек, кейін тура екі сағат өткеннен кейін ғана оның өлі денесі оқиға болған жерден 1500 метр қашықтықтан табылды.

Соңғы жаңалықтар