Ерейментау ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 910 бала оңалтудан өтті (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде 910 бала оңалтудан өтті. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Кедергісіз келешек» және «Бақытты балалық» жобалары шеңберінде партияның Ерейментау аудандық филиалы психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесу ұйымдастырды. Кабинет меңгерушісі «Нұр Отан» партиясының мүшесі Айгүл Хасенованың айтуынша, ауданда мүмкіндігі шектеулі балалардың тәлім-тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалынған. «Балалар үшін түрлі қызықты әрі тартымды іс-шаралар өткізіп тұрамыз. Тәрбиеленушілеріміз облыстық байқауларға қатысып, әрдайым жүлделі орындардан көрінуде», - дейді Айгүл Хасенова. Қазіргі таңда бүлдіршіндер қазан айының соңында Көкшетауда өтетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» байқауына дайындық үстінде. Жыл басынан бері логопед, психолог, емдеу-физикалық тәрбие жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік оқытушы мамандарымен 50-ден астам балаларға көмек көрсетілді. Еске сала кетсек, аталған «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ осындан 11 жыл бұрын жергілікті мектеп-интернаты негізінде ашылған болатын. Содан бері мұнда 910 бала оңалтудан өтті. 2013 жылы мекемеге жеке ғимарат бөлінген болатын.

Соңғы жаңалықтар