Ерейментау ауданында денсаулық фестиваліне 600 адам қатысты (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ерейментау ауданында 600 адамның қатысуымен денсаулық фестивалі өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аудан орталығында өткен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасындағы 2011-15 жылдарға арналған шаралар жоспарын іске асыруға бағытталған бұл жолғы «Денсаулық фестивалі - 2015» акциясына қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері, студенттер мен мектеп оқушыларынан құралған 600-ге жуық адам қатысты. Шара таңғы жаттығудан басталып, одан әрі президенттік көпсайысқа ұласты. «Біз - салауатты өмір салтын ұстанамыз» ұранымен өткен акцияға аудан әкімі Ермек Нұғыманов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысы өз сөзінде денсаулық фестивалінің өткізілуі мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар