Ерейментау ауданында 11,4 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді-Ақмола облысы

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданында жыл басынан бері 11,4 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл туралы аудан əкімі Ермек Нұғыманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің мəліметі бойынша Ерейментау ауданы облыста ауыл шаруашылығы саласы дамыған өңірлер қатарында. 2013-2017 жылдардан бері ауданда 4 млрд теңгенің 7 инвестициялық жобасы іске асырылған. Осының нəтижесінде 2017 жылдың 10 айы ішінде ауыл шаруашылық өнімінің көлемі өсіп, 11,4 млрд теңгені құрап отыр.

«Ауданымызда мал шаруашылығы саласы басымдықпен өркендеп келеді. Əсіресе, етті мал шаруашылығы, жылқы және қой өсіруге ден қойылуда. Аудан бойынша бұл бағытта 100 шаруа қожалығы мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысады. Олардың арасында «Торғай» ЖШС, «Кеңөткел НС» ЖШС, «Ақжол» ЖШС жəне «Береке-5» ШҚ сияқты шаруашылықтарды атап өтуге болады.

Мəселен, Новомарковка ауылында «Жаңа Береке» шаруа қожалығы 3 000 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы мен жылдық қуаты 5 000 тонна ет өңдейтін кешен ашқан болатын. Бұл қожалыққа қосалқы шаруашылықтарды біріктіріп, ауыл шаруашылығы кооперативін құру көзделген.

Ал Ақсуат ауылдық округінде «Ерейментау-Құлан» ЖШС негізінде етті ІҚМ тұқымдық түрлендіру мақсатында асыл тұқымды репродуктор құрылып, 1 000 басқа арналған мал бордақылау алаңын құру жоспарға алынды.

Сонымен қатар, «Хамзе» шаруа қожалығы 400 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын ашу инвестициялық жобасын іске асыруды көздеп отыр. Бүгінгі күні 130 бас бойдақ симментал тұқымды сиыр алдырылды, құрама жем зауыты салынып, іске қосылды және сүтті өңдеу пункті құрылып, сүт фермасын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Фудмастер» ЖШС-на 20 мың тонна сүт тапсырылды.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша Ақсуат ауылдық округінде «Үміт-Н» шаруа қожалығы негізінде тауарлы-сүт фермасы құрылды. 115 бас сүтті асыл тұқымды құнажын алынды, - деді Е.Нұғыманов.

Соңғы жаңалықтар