Ерейментау ауданына жаңа әкім тағайындалды
2018 жылғы 12 маусым 22:01

Ерейментау ауданына жаңа әкім тағайындалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Мәлік Мырзалиннің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде «А» корпусындағы кадрлық резерв бойынша Виктор Радченко Ерейментау ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Виктор Николевич Радченко 1967 жылы туған. Жоғары білімді, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлiк-экономикалық институтын өнеркәсiптiк кәсiпорындарды энергиямен жабдықтау, инженер- электрик мамандығы бойынша, Қарағанды экономикалық университетiн мемлекеттiк және жергiлiктi басқару мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын бұрынғы Торғай облысы Арқалық қаласында 1991 жылы «Торғайавиа» АҚ авиамеханик ретінде бастаған.

2001 жылдан Арқалық ЖЭО директоры, 2007 жылдан Арқалық қаласының коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары лауазымын атқарды. 2009-2014 жылдар аралығында Қостанай облысының Лисаковск қаласының әкiмi, Қостанай қаласы әкiмiнiң орынбасары және «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорнының бас директоры қызметтерінде болды.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап, жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT