Ерейментау ауданына жаңа әкім тағайындалды - Ақмола облысы

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының шешімі негізінде Ермек Бекенұлы Нұғыманов Ерейментау ауданының әкімі болып тағайындалды.

Аудан активіне жаңа басшыны таныстырған облыс әкімі Сергей Кулагин өңірде бірінші кезекте шешілуге тиісті міндеттерге тоқталып, Ерейментау ауданының әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту жөнінде алда тұрған жұмыс ауқымын ерекше атап көрсетті. Сонымен бірге, ол аудан активіне жаңа әкімді қолдап, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Ермек Бекенұлы Нұғыманов 1957 жылдың 20 қыркүйегінде Ақмола облысының Алексеевка ауданының Байлұсты селосында туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1982 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1975 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Уәлиханов ауданы «Золатая нива» кеңшарында механизатор болып бастаған.

1979-1996 жж. аралығында түрлі салада қызметтер атқарды. 1996 жылы бұрынғы Көкшетау ауданы әкімінің орынбасары. 1997 жыл Зеренді ауданының әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2004 жылы Жақсы ауданының әкімі, 2007 жылы Бұланды ауданының әкімі болып тағайындалды. Соңғы жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет істеді.

Соңғы жаңалықтар