Ерейментау ауданы 90 жылдығын атап өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Ақмола облысында Ерейментау ауданының 90 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шарада Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің құттықтауын жеткізген өңір басшысының орынбасары Айна Мысырəлімова ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысындағы жетістіктері ел абыройын көтеруге септесіп жатқандығын атап өтті.

 «Тарихи тереңде жатқан Ерейментау жері талай ұлы тұлғалардың туған мекені. Абылай ханның серігі Бөгенбай батыр мен Үмбетей жыраудың қоныс тепкен жері. Бүгінгі таңда Ерейментау желден электр көзін алуда елімізде көш бастап тұр. Осыдан 3 жыл бұрын пайдалануға берілген жел электр стансасы елімізде жасыл экономиканың дамуына серпін беруде", - дей келе Айна Мысырəлімова өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан ауданның бір топ тұрғынына облыс әкімінің Алғыс хатын марапаттады.
null 

Сонымен қатар, аудан әкімі Виктор Радченкоға 2019 жылы ашу жоспарланып отырған жаңа мұражайдың құрылысы үшін 100 миллион теңгенің сертификатын тапсырды.

Мерейтойлық шара «Көзіме бір көрінші, Ерейментау...» тақырыбымен өткен ақындар айтысы, ұлттық спорт түрлері жəне Малтабар ауылының маңындағы атшабарда ат спорты ойындарына ұласты.

null null 

Соңғы жаңалықтар