Еревандағы сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Армениядағы Елшілігі жанындағы №275 сайлау учаскесі жұмысын аяқтады. Дауыс берушілер 100% келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Армениядағы Қазақстан Елшілігінің ғимаратында ұйымдастырылған №275 учаскеде сайлаушылардың дауыс беруі жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де басталды. Армения Республикасында тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан азаматтары белсенділік танытып, дауыс беру үшін қазақстандық дипмиссия ғимаратына таңертеңнен бастап келген. Дауыс беру санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, тыныш жағдайда өтті.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де №275 сайлау учаскесі жабылған кезде (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22:00), осы учаскеде тіркелген 67 сайлаушының барлығы да дауыс беріп үлгерген. Осылайша, 100% дауыс берілді.


Соңғы жаңалықтар