Еревандағы қонақ үйде 13 адам уланды
2018 жылғы 2 маусым 22:43

Еревандағы қонақ үйде 13 адам уланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ереван қонақ үйлерінің бірінде 13 адам уланды, деп хабарлайды Арменпресс.

2 маусым күні сағат 01:30-да «Григор Лусарович» медициналық орталығынан полицияға Кочинян көшесінің қонақ үй кешендерінің бірінен «хлормен улану» диагнозымен 13 адам жеткізілгені туралы хабар түсті.

Армения полицияларының Қоғаммен байланыс және БАҚ басқармасы Арменпреске мәлім еткендей, оқиға орнына келген жедел топ жаппай уланудың қонақ үйдің хауызында болғанын анықтады.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Jańalyqtar

MURAǴAT