Ереванда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік шрт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер өзара іс-қимыл мәселелерін талқылайды. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 7 қазанында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Қазақстан-армян Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультацияларға, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Ереван қаласындағы консультацияларына қатысады. Іс-шара барысында екіжақты сипаттағы мәселелерді, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, оның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясындағы елдердің өзара іс-қимылын талқылау жоспарлануда», - деді ол министрлікте өткен апталық брифинг барысында.


Соңғы жаңалықтар