Ереванда сауда орталығындағы жарылыстан 50 адам жапа шеккен

None
None
ЕРЕВАН. ARMENPRESS – ҚазАқпарат - Ереванда сауда орталығында жарылыс болып, 50 адам жараланды. Бір адам мерт болды. Құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Armenpress агенттігіне сілтеме жасап.

Армения Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жараланғандар «Армения», «Эребуни», «№ 1 университет ауруханасы», «Сурб Аствацамайр», «Шенгавит» және «Измирлян» медициналық орталықтарына жатқызылған.

«14 тамыз күні 13:23-те АР ТЖМ Дағдарыс басқармасы ұлттық орталығының құтқару қызметіне «Сурмалу» сауда үйінде жарылыс болғаны жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына АР ТЖМ Құтқару қызметі өрт-құтқару отрядының 6 жауынгер тобы, жедел әрекет ету тобы, өрт сөндірушілер отряды, арнайы құтқарушылар отряды, құтқару қызметінің психологтары аттанды» деп жазады Armenpress .

Күрделілігі №3 деңгейдегі өртті сөндіруге шақырту жарияланды.

4 аумақта өрт ошағы бар, олар сөндірілуде. 14 суатқыш машина, 8 жүк тиегіш көлік, 3 трактор жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ереванда жарылыс болғанын хабарлаған едік.
Соңғы жаңалықтар