Ереванда қазақстандық «Көшпенділер» фильмі көрсетілді

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай Ереван қаласында «Көшпенділер» фильмі көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16 желтоқсан күні Қазақстанның Армениядағы Елшілігінің бастамасымен Ереван қаласының «Мәскеу» кинотеатрында армян көрерменіне қазақстандық «Көшпенділер» атты тарихи блокбастер көрсетілді.

Көрсетілім алдында Қазақстанның Армениядағы Елшісі Тимур Оразаев қонақтармен амандасып, осыдан тура 27 жыл бұрын, 1991 жылдың 16 желтоқсанында әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет - Тәуелсіз Қазақстан пайда болғанын атап өтті.

«Желтоқсанның сол күнінде біз еркіндік пен тәуелсіздікті таңдадық. Біздің ұрпақ үшін ата-бабаларымыздың аңсап кеткен ізгі арман-мұратын іске асыру құрметі түсті. Қазақстан Елшілігі армян халқының көрерменіне дәл осы «Көшпенділер» фильмін көрсетуі - кездейсоқ жағдай емес. Себебі бұл туынды - қазақ мемлекеттілігі мен егемендігінің қалыптасуы туралы баяндайтын, лирикаға толы картина», - деп атап өтті ол.

Кештің қонақтары - Арменияның зиялы қауымы, сарапшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  Қазақстан халқын, оның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ізгі ниеттерін білдірді.

«Көшпенділер» - 2005 жылы қазақ классигі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты трилогиясы кітаптарының бірі бойынша түсірілген фильм. Фильмнің тарихи негізі - қазақтың атақты ханы Абылайдың өмірбаяны. Танымал қазақ актерлерінен бөлек картинаға Голливуд жұлдыздары Марк Дакаскос, Джейсон Скотт Ли және тағы басқалары түскен.

Соңғы жаңалықтар