Ереванда Қазақстандағы Президент сайлауы талқыланды

None
None
ЕРЕВАН. ҚазАқпарат - Ереванда Қазақстанда өтетін кезектен тыс президенттік сайлау және оған дайындық барысы, сондай-ақ ел ішіндегі саяси процестер талқыланды. Бұл жайлы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі хабарлайды.

Ереванда Қазақстанның Армениядағы елшісі Тимур Оразаевтың қатысуымен Қазақстанда өтетін Президент сайлауына байланысты БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті. Оның барысында жергілікті БАҚ тілшілері, сарапшылар, Армениядағы Қазақстан елшілігінің өкілдері Қазақстанда болып жатқан ішкі саяси жағдайларды, алдағы президенттік сайлауды және оған дайындық барысын талқылады. Бұдан өзге, шара қатысушылары Қазақстан мен Армения арасындағы қазіргі кездегі екіжақты қарым-қатынасты және оның алдағы даму мәселелерін сөз етті.

«Жоғары билікті өткізу бейбіт жағдайда әрі Конституцияға сай өткізілді. Іс басындағы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету, екіұштылықты болдырмау, ішкі және сыртқы саясаттың сабақтастығы мен болжамдылығын қуаттау үшін мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы жариялады. Бұл стратегиялық міндеттерді одан әрі шешу және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды», - деді Т.Оразаев.

Брифинг қатысушыларының сұрақтарына жауап берген Т. Оразаев президенттік сайлауға қатысу үшін партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандидаттар туралы толығырақ ақпарат берді. Сондай-ақ бұған дейінгі президенттік науқандардан айырмашылығын және ерекшелігін атап өтті.

Елші Арменияда уақытша және тұрақты негізде тұратын Қазақстан азаматтарын, сондай-ақ сайлау күні аталмыш елде болатын азаматтарды Еревандағы Қазақстан елшілігі ұйымдастырған №275 сайлау учаскесінде (Демирчян көшесі, 1-тұйық көше, 11-үй) дауыс беруге болатынын хабардар етті. Сайлау учаскесі 2019 жылдың 9 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Дауыс беретін азаматтардың өзімен бірге жеке куәлігі болуы шарт.

Соңғы жаңалықтар