Ереванда ЕАЭО-ның қаржылық нарықтар бойынша комитетінің отырысы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ереванда ЕАЭО-ның қаржылық нарықтар бойынша комитетінің отырысы өтеді. Отырыста қаржы нарықтарындағы қызметті іске асыру талаптары және Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) қатысушы мемлекеттердің қаржылық жағдайдағы заңнамасы жоспарын, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің брокерлері мен дилерлерінің ұлттық қаржылық биржаларына өзара жіберудің (аккредитация) келісім жоспарын үйлестіру бойынша жұмыс барысын талқылау шамаланып отыр.

Бұл туралы regnum.ru ақпараттандырады.

3 сәуірде Ереванда Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы жанындағы қаржылық нарықтар бойынша Кеңес беру комитетінің отырысы өтеді, оған ЕЖК экономика және қаржылық саясат бойынша алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменов төрағалық етеді.

Комиссияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, отырысқа Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының, бизнес қауымдастықтарының Кеңес беру комитетінің мүшелері мен Еуразиялық экономикалық комиссиясының мүшелері қатысады.

Соңғы жаңалықтар