Ереванда Ақсақалдар кеңесінің сайлауы өтті

None
None
АРМЕНИЯ. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Ереванда Ақсақалдар кеңесінің сайлауы өтті. Бүтін ел бойынша таңғы сағат 08.00-де ашылған 65 сайлау учаскесі кешкі сағат 20.00-де жабылды. Ал сағат 00.00-де Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясы алдын ала мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс-ке сілтеме жасап.

Алдын ала есептеулерге сәйкес, ең көп дауыс жинаған «Менің қадамым» блогы. Аталмыш блог электораттың 82 пайыз дауысына ие болды. Екінші орында 6,3 пайыз дауыспен - «Гүлденген Армения» партиясы, үшінші орында 4,5 пайыз дауыспен «Луйс» партиясы тұр.

Ереванның Ақсақалдар кеңесінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру құқығына 848 343 азамат ие болды.

Ақсақалдар кеңесінің сайлауына бақылауды 1 халықаралық ұйым, 662 жергілікті бақылаушы, 11 шетелдік азамат (қонақ дәрежесінде) жүзеге асырды. Сайлау барысынан ақпаратты 44 жергілікті және 10 шетелдік БАҚ-тан 620 тілші таратты.

Сайлауға қатысу туралы өтінімдерін 12 саяси күш - 4 блок пен 8 партия ұсынды: «Мұра» партиясы (кандитат - Раффи Ованнисян), «Луйс»  блогы (кандидат - Артак Зейналян), «Ереван қоғамдастығы» (кандидат Анаит Тарханян), ППА (кандидат - Наира Зограбян),  «Менің қадамым» блогы (кандидат - Айк Марутян), Айказуны партиясы (кандидат - Геворк Овсепян), «Еркир цирани» партиясы (кандидат Заруи Постанджян), «Демократиялық жол» партиясы (кандидат - Мануел Гаспарян), «Оринац еркир» партиясы  (кандидат - Мгер Шахгельдян), АРФД (кандидат - Микаел Манукян), Реформашылар партиясы (кандидат - Артак Аветян), «Еревандықтар» парттясы (кандидат - Арарат Зурабян).

Соңғы жаңалықтар