Ереван полициясы оппозиция шеруін тоқтатуға кірісті

Фото: None
ЕРЕВАН. ТАСС – ҚазАқпарат – Бейсенбі күні таңертең Арменияның арнайы күштері Ереванның орталығындағы оппозициялық шеруді тоқтатып, белсенділерді ұстауға кірісті. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арменпресс агенттігінің сайтында Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ереуілшілерге және өзге ел азаматтарына арналған хабарламасы орналастырылған. Онда Еревандағы акцияға қатысушылар Армения Республикасы Ұлттық жиналысының кезекті сессиясы барысында құқыққа қайшы әрекеттерге баруға, ереуілге қатысушыларды Ұлттық жиналыс ғимаратын басып алуға итермелеуді жоспарлап отырғаны, солайша елдің ішкі қауіпсіздігін бұзу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке зиян келтіру көзделгені туралы расталған шұғыл мәлімет түскені айтылады.

«...Ұлттық қауіпсіздік қызметі заңға бағынатын барлық азаматтарды араңдатуға бой алдырмауға, заңсыз қадамнан бас тартуға шақырады. Олай болмаған жағдайда қылмыстық жауапкершілік ауыртпалығын барлығы бірдей тартатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.

Ал ТАСС агенттігінің Арменияның жергілікті порталдарына сілтеме жасап жазуынша, акция кезінде ондаған адам ұсталған.

«Қызыл береттер» өте агрессивті. Олар арандатушылық жасап, жаңа ғана бейбіт митинг өткізіп жатқан белсенділерімізді ұстады», - деді шеруге қатысушы, «Армения» оппозициялық фракциясының депутаты Гегам Манукян журналистерге.

«Қазір наразылыққа шығушылар Армения астанасының орталық көшелерінде шеруілдеп жүр. Оппозиция шерулері Ереванның басқа аудандарында да өтуде», - деп жазады ТАСС.



Соңғы жаңалықтар