Ереван қаласында «Наурыз мейрамы» мерейтойлық концерті өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 24 наурызда Ереван қаласында Арно Бабаджанян атындағы мемлекеттік филармонияда «Наурыз мейрамы» атты қазақ фольклорлық және классикалық музыкасының концерті өтті. Іс-шараны Армениядағы Қазақстан және Түрікменстан елшіліктерінің өкілдері ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған іс-шараға министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, шетелдік дипмиссиялардың басшылары және Армениядағы Қазақстанның диаспора мүшелері келді.
Концерттік бағдарламаға арнайы Алматы және Қостанай қалаларынан келген көркемөнерназдар ұйымының мүшелері қатысты. Мәселен, Алматы қаласының №18 мектебінің оқушысы Ашот Мхитарян «Ортеке», «Саранжап», «Балбырауын», «Әлқисса», «Әке толғауы» және «Секіртпе» сияқты қазақ күйлерін домбрада орындады. Сондай-ақ, концерттік бағдарламада «Мен қазақтын қызымын» атты әнімен «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының редакторы Гаяне Мартиросян, «Көзімнің қарасы» әнімен Дилижан қаласының Біріккен әлем колледжінің оқушысы Арнұр Сабет және Ғазиза Жұбанова мен Арно Бабджанянның музыкалық шығармалардың орындауымен П. Чайковский атындағы музыкалық мектептің қазақстандық оқушысы өнер көрсетті.
Концерттен кейін іс-шараның қонақтары наурыз-көженің дәмін татып, Қазақстан мен Түркменстанның дәстүрлі ұлттық тағамдарынан ауыз тиіп, қазақтың киіз үй ішіндегі бұйымдарды тамашалады.
- Коронавирус пневмониясынан тағы екі адам қайтыс болды
- Қарағандыда алимент төлеуден жалтарған азаматтың автокөлігі тәркіленді
- Атырауда медициналық маска 15 теңгеден сатылады
- Медсақтандыру қаражаты есебінен вакцина қабылдауға бола ма – Төраға жауабы
-
Азаматтар 42500 теңге алған айда медсақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті емес – ӘМСҚ
-
21 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам