Ереуілшілер Бағдаттағы АҚШ елшілігі аумағынан кетті

None
None
БАҒДАТ. Анадолы-ҚазАқпарат – «Хашди Шааби» ирандық шиит жасағының адамдары Бағдаттағы АҚШ елшілігі аумағынан кетті. Олар екі күн бойы елшілікте наразылық акциясын өткізген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Ирак әскерінің Біріккен жедел қолбасшылығынан мәлім болды.

«Бағдаттағы АҚШ елшілігінің алдына және айналасына жиналған бүкіл демонстранттар дипломатиялық миссияның аумағынан кетті, ал шатырлар жинап алынды» делінген хабарламада.

Шаһардағы АҚШ елшілігінің қауіпсіздігін ирактық әскери күштер қамтамасыз етіп жатыр, деп мәлім етті Ирак әскерінің Біріккен жедел қолбасшылығы.

Шеру кезінде Бағдаттағы АҚШ елшілігі консулдық жұмысын тоқтатқан болатын.

Мұның алдында «Хашди Шааби» өз жақтастарын Бағдаттағы АҚШ елшілігіндегі наразылық акциясын тоқтатуға шақырған еді, алайда демонстранттар бұл үндеуге құлақ аспады.

Наразылық акциясы АҚШ әскери-теңіз күштерінің «Хашди Шааби» жасағының Ирактың батысындағы Аль-Анбар провинциясында орналасқан базасын атқылуына түрткі болды.

Еске сала кетейік, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанды қоса алғанда, 5 мемлекетке сапарын кейінге қалдырған болатын. Бұл шешімді ол Бағдаттағы АҚШ елшілігінде болған ереуілдерге байланысты қабылдаған.




Соңғы жаңалықтар