Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың көлемі кеңейеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы табиғат қорғау мекемелерінің аумағын ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Үкімет «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеп жатыр. Жобада ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы ауданын тұтас ел аумағының 10,2%-ына дейін, оның ішінде табиғат қорғау мекемелерінің алаңын ел аумағының 3,3%-ына дейін ұлғайту жоспарланып отыр», - деп жазды Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында.

Бұған дейін Р.Скляр «Бөкейорда» табиғи резерватының құрылысы жалғасатынын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар