Ерекше қажеттілігі бар балаларға күш көрсеткендер қатаң жазаланады – Бас прокурор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ерекше қажеттілігі бар балаларға зорлық көрсеткендерге ең қатаң жаза қолданылады. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ерекше қажеттілігі бар балаларға зорлық-зомбылық көрсету аюандық әрекет. Ақтөбедегі Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің балаларға күш көрсету әрекетіне байланысты ең қатаң шара қолданылады. Қылмыстық Кодекстің 110 бабы, 2 тармағы бойынша тергеу басталды. Тергеу барысы бақылауға алынды. Осы тектес мекемелердің барлығын тексеруді тапсырдым«, деп жазды Бас прокурор.

Осыған дейін Ақтөбеде орталық қызметкерлері мүгедек балаларды ұрып-соқты деп айыпталып жатқаны туралы хабарланған.
Соңғы жаңалықтар