+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Ерекше балаларға арналған анимация мектебінің алғашқы 30 түлегі оқуын тәмамдады

2021 жылғы 16 тамыз 12:12
Бөлісіңіз:
Ерекше балаларға арналған анимация мектебінің алғашқы 30 түлегі оқуын тәмамдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Balapan» телеарнасының жанынан «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебі» алғашқы түлектерін ұшырды.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыл бүлдіршіндері 100 пайыз балабақшамен қамтылады Ресейдің Пермь қаласы маңындағы мектепте оқ атылды ШҚО оқушылары жылыжайда банан мен мандарин өсіруде

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, 2021 жылдың наурыз айында басталған жобаның алты айлық оқу курсын арнайы іріктеуден өткен 30 қатысушы сәтті тәмамдап, арнайы сертификаттармен марапатталды.

Оқу курсы ақысыз негізде, жеке анимациялық студиялардың атсалысуымен қайырымдылық жоба ретінде жүзеге асырылды. Балаларды оқуға қажет арнайы планшеттер мен өзге де техникалық құралдармен «Qazaqstan» телекорпорациясы қамтамасыз еткен.

Министрліктің бастамасымен балаларға сапалы білім беру мақсатында халықаралық байланыстар орнатылды. Оңтүстік Кореяның Мультипликациялық фильмдерді насихаттау агенттігімен Ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, келісім жасалды. Нәтижесінде Оңтүстік Корея мен Жапонияның үздік мультипликатор мамандары анимация мектебінің қатысушыларына онлайн дәріс оқып, шеберлік сабақтарын өткізді.

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға болашақта мамандығына айналатын кәсіпті үйрету арқылы жаңа мүмкіндік сыйлау, ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеуге жәрдемдесу және олардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру мақсатында құрылған мектептің алғашқы түлектері Қазақстанның түрлі аймағында тұратын 14-16 жас аралығындағы дарынды балалар. Оқу бағдарламасы онлайн форматта, арнайы сабақ кестесіне сай жүргізілген.

Оқушылар алғашқы айда «Анимация негіздері» тақырыбындағы жалпы дәріске қатысып, анимация саласымен танысты. Кейін қызығушылығы мен бейіміне, мүмкіндігіне қарай 2D аnimation, 3D аnimation және Stop Motion топтарына бөлініп, білім алды.

«Сәтті жүзеге асырылған жобаға қатысуға өтінімдердің әлі де толастамауына байланысты Анимация мектебінің жұмысын тұрақты түрде жалғастыру жоспарланып отыр»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT