Ердос Қанаев басты рөлде ойнайтын «Ақын» фильмінің түсірілім жұмыстары басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жігіттер» тобының солисі Ердос Қанаев кинодағы алғашқы қадамын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақфильм» киностудиясының мәліметінше , режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмінің түсірілімі басталған.

Картина Герман Гессенің «Шығармашылық кеш» әңгімесінің негізінде түсіріледі. Фильмнің сюжеті ақынның әрқилы, бірақ әрқашан қызықты тағдыры туралы баяндайды.

Фильмде басты рөлді «Жігіттер» тобының солисі Ердос Қанаев сомдайды.

Ол шығармашылық адамы ретінде фильмдегі кейіпкердің образына жақын.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін «Қазақфильм» киностудиясының Қасым хан туралы жаңа тарихи фильм түсіре бастағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар