Ердоғанның мәлімдемесінен кейін түркиялықтар 1 млрд-тан астам долларды лираға айырбастады

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдемесінен кейін ел тұрғындары бір миллиардтан астам долларды лираға айырбастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Түркия банктер қауымдастығының төрағасы Алпаслан Чакарға сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні таңертең 1 АҚШ доллары 18,5 лираға сатылды. Министрлер кабинетінің отырысы аяқталғаннан кейін сол күні лира бір доллар үшін 13,5-ке дейін өзгерді. Бұл ұлттық валютаның 30%-дан астам құнын қалпына келтіруге ықпал етті. Қазіргі уақытта америкалық доллар 12,55 лираға сатылуда. Мұндай құбылыс бұрын әлемнің бірде-бір экономикасында байқалмаған.

Бұл мәселе бойынша қоғамдық пікірде қайшылықтар бар. Кейбірі түрік лирасы біртіндеп бұрынғы позициясын қалпына келтіріп, тұрақтанады деп санайды. Алайда халықтың екінші бір бөлігі мұнымен келіспейді және тез өсетін валютаның өзіндік динамикасы бар деп есептейді.

Түркия президенті Режеп Ердоған дүйсенбі күні кешке сөз сөйледі. Сейсенбі күні ел азаматтары бір миллиардтан астам долларды лираға айырбастады.


Соңғы жаңалықтар