Ердоған Түркияның алғашқы пилотсыз электробусын сынап көрді

None
None
АНКАРА. Anadolu-ҚазАқпарат - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған дүйсенбіде алғашқы отандық пилотсыз электр автобусын сынақтан өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Аnadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Karsan компаниясының пилотсыз электробусы ел президентінің әкімшілігі кешенінің аумағында таныстырылды.

Қозғалыс барысында мүлдем дерлік дыбысы болмайтын автобустың ұзындығы 8 метр.

Түркия басшысы жыл соңына дейін ұзындығы 24 метрлік пилотсыз электр автобусын құрастыру жоспарланып отырғанын айтты.

«Түркия электробустар нарығында лайықты орын алатынына сенімдімін. Жақында автобустардың сериялық өндірісі жолға қойылады», - деді Ердоған.

Сондай-ақ отандық пилотсыз электр автобустарын жаппай өндірудің арқасында Түркия әлемдік автомобиль нарығының осы сегментінде өз орнын табатынын, ал отандық компаниялар жаһандық брендтердің қатарына қосылады деген үмітін білдірді.


Соңғы жаңалықтар