Ердоған Түркияда кезектен тыс сайлау өтетінін мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған елде кезектен тыс сайлау өтетінін мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды

Сайлау 24 маусымға жоспарланып отыр. 

«2018 жылдың 24 маусымында Түркияда кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлаулар өтеді. Түркияның Ұлттық қозғалысы партиясының басшысы Девлет Бахчелимен болған келіссөздер барысында кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлаулар өткізу мәселесін талқыладық»,-деді Түркия басшысы.

Оның сөзінше, бүнгіннен бастап, Түркияда сайлауға заңдық тұрғыда дайындық процесі басталады.

«Түркияның Жоғары сайлау комиссиясы шұғыл түрде дайындық жұмыстарына кіріседі»,-деді Ердоған.

Соңғы жаңалықтар