Ердоған елдің солтүстігіндегі 3 провинцияны «табиғи апат аймағы» деп жариялады

None
None
АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған су тасқыны мен селден зардап шеккен Кастамону, Бартын және Синоп аудандарын «табиғи апат аймағы» деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Сел тасқыны қиратқан үйлердің орнына жаңа заманауи үйлер тұрғызылады. Еліміз өз жолын белсенді қарқынмен жалғастырады», - деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Ердоған Түркия мен оның халқы осы кезеңнен сәтті өткен соң жаңа негізгі кезең бастайтынын атап өтті.

11 тамызда Түркияның солтүстігінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан сел, көшкін жүрді және су тасқыны болды. Табиғи апаттан Кастамону провинциясында 25, көрші Синопта екі адам қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар