Ердоған барша мұсылмандарды Мьянмадағы шиеленісті шешуге шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада басталған Ислам ынтымақтастығы ұйымның ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған баршы мұсылман мемлекеттерін Мьянмадағы «адамзат драмасын» реттеуге үндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мьянмадағы бауырларымыз қиын жағдайға тап болды. Олар өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр, жан-жаққа босып кетті. Біз осы бір әділетсіздікті бірге тоқтатуымыз қажет. Бангладеш пен Мьянма үкіметтерімен келісе отырып, ол жердегі «адамзат драмасын» шешуіміз керек. Себебі Бангладешке қашып барған мұсылмандар да көмекке зәру. Біз оларға көмектесуге дайын екенімізді жеткіздік. Енді, барлық мұсылман мемлекеттері бірігіп, ол жақтағы бауырларымызға қол ұшын созуы  қажет» - деді Ердоған.
null 

Айта кетейік, өз сөзінде Түркия басшысы мұсылмандар арасындағы сауатсыздық жою мәселесін де көтерді. Себебі бүгінде әлем бойынша мұсылмандардың жартысы сауатсыз.  

Ислам ынтымақтастығы ұйымы - 1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттері басшыларының   Рабатта өткен конференциясында негізі қаланған ең ірі және ықпалды үкіметтік әрі халықаралық мұсылман ұйымы. Қазіргі уақытта ол жалпы саны шамамен 1,5 миллиард адамды қамтитын 57 елдің басын біріктіріп отыр.

ИЫҰ-ның негізгі қағидаттары мыналар: толық теңдік; әр халықтың өз тағдырын өзі шешу құқығына деген құрмет; ішкі істеріне араласпау; мемлекеттердің егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтеу; ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы даулы мәселелерді келіссөз, араағайындық немесе арбитраж арқылы бейбіт жолмен шешу; ұйымға мүше мемлекеттер аумақтарының тұтастығына, сонымен бірге саяси тәуелсіздігіне де қарсы күш қолданбау немесе қоқан-лоққы көрсетпеу.

Қазақстан 1995 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымының толық құқылы мүшесіне айналды.
null 

Соңғы жаңалықтар