Ерден Қажыбек: Шетелдік қазақ диаспоралары тілдік жәрдемге зәру

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Достық үйінде «Латын әліпбиі - әлем қазақтарының рухани тұтастығының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген жиында латын графикасындағы әліпбидің кейбір тұстары талқыланды.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Қажыбек Ерденнің айтуынша, шетелдік қазақ диаспоралары тілдік жәрдемге зәру.

null«Қазақ халқының бір бөлігі шетелде өмір сүреді. Бүкіл шетелдік қазақ диаспоралары тілдік мәселе бойынша жәрдемге зәру. Жастардың көбі тіл білмейді. Қазақтар көп шоғырланған жерлерде тілдік орталықтарды ашу керек. Латынға көшу барысында осы мәселелерді де қолға алуға тиіспіз»,-деді Қажыбек Ерден.

Профессордің сөзінше, емле ережелерінің нұсқалары жыл соңына дейін дайындалады.

«Латын әліпбиіне көшу барысында емле ережелері жасалады. Жыл аяғына дейін басты ережелердің нұсқалары даярланады. Келесі жылы орфографиялық, орфоэпиялық анықтауыштар мен сөздіктердің толық жиынтығы шығады. Терминология, атау саласы, ономастика, тіл мәдениеті оқулықтары жарық көреді», - деді ол.

nullЕлімізде Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтынан бөлек тіл мәселесімен шұғылданатын «Тіл - Қазына» ұлттық орталығы құрылған болатын.

«Қазақ тілінің латынға көшу регламенті 3 кезеңнен тұрады. 1 кезеңге байланысты жұмыс жоспарымызды жасап қойдық. Жаңа жылға дейін нәтижесі шығады. Қазіргі уақытта біздің ғалымдар орфографиялық ережелермен жұмыс істеуде», - деді орталықтың бас директоры Ғарифолла Есім.

Академик халық пікірімен санасу - латын қарпіне көшуде сәтті қадам деп есептейді.

null«Біз Бурабайда демалып жатқан балалар арасында сынақ жүргіздік. Оларға тапсырма беру барысында қай нұсқаның ыңғайлы екенін зерттедік. Қолымыздағы жұмыстарды әлі де анықтау үстіндеміз. Ғылыми зерттеу жүргізген бөлек те, халықпен бетпе-бет отырып жұмыс істеген бөлек. Алдағы уақытта осы мақсатпен басқа аймақтарда да пробация жүргізетін ойымыз бар», - деді Ғарифолла Есім.

Сондай-ақ латын әліпбиін енгізу барысында мобильді қосымша жасалуы мүмкін екені айтылды.

Үкімет жоспарына сай 2020 жылдан бастап мектепке даярлық тобы латын әліпбиін меңгере бастайды. 2021 жылы 1 сыныптан бастап мектеп бағдарламасына енгізіледі. Әрі қарай нақты жоспар жасалып, барлық сала бойынша латын графикасына көшу жұмыстары жүреді. Қазіргі таңда ұстаздар корпусының білімін жетілдіру шаралары өтуде.

Соңғы жаңалықтар