Ерболат Мұхаметжан Білім және ғылым министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Журналист Ерболат Мұхаметжан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы Асхат Аймағамбетов facebook-тегі парақшасында жазды.

«Достар!

Бүгіннен бастап журналист Ерболат Мұхамеджан БАҚ-пен байланыс мәселелері бойынша кеңесші ретінде жұмыс атқаратын болады .

Қоғаммен тікелей байланыс және ашықтық орнатуда Ерболат Амангелдіұлы өзінің барлық тәжірибесі мен білімін қолданады деп сенемін», - деп атап өткен министр.

Соңғы жаңалықтар