Ерболат Досаев валюта нарығындағы жағдайға түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырсында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев теңгенің айырбас бағамы жыл басынан 1,2 пайызға нығайғанын айтты , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Валюта нарығында жағдай тұрақты болып қалуда. 2 сәуірдегі жағдай бойынша теңгенің айырбастау бағамы жыл басынан 1,2 пайызға нығайды. Айырбастау бағамы еліміздегі төлем балансы жағдайына, яғни шетел валютасының еліміздің нарығына түсімі мен кетуінің теңгеріміне байланысты. Бұл сыртқы күйзелістерді барынша азайтуға және экономикамыздың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін сақтауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Е. Досаев.
ҰБ төрағасы атап өткендей, 2018 жылы төлем балансының ағымдағы шотының айтарлықтай жақсаруы байқалды.
«Теңгенің өзгермелі айырбастау бағамы саясаты алтын-валюта резервтерін үнемдеуге мүмкіндік береді. 1 наурыздағы жағдай бойынша Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 29,2 млрд АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері - 59 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы халықаралық резервтер 88,2 млрд АҚШ долларына жетті», - деді Досаев.
- Сенатор Батыс Қазақстан облысындағы су тапшылығына алаңдаушылық білдірді
- Андрей Лукин еліміздегі ломбардтар талаптарды орындамай отырғанын айтты
- Сенатор ГМО өнімдеріне тосқауыл қоюға қатысты ұсыныстар айтты
- Долларлану деңгейі 2020 жылдың соңында төмендеді - Ұлттық банк
-
Нотариаттық қызметті цифрландыруда қандай жаңашылдық енгізілмек
-
Сенат ЕАЭО ауқымында нарықтардағы бәсекелестікке қатысты құжатты қабылдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам