Ерболат Досаев Ұлттық қор активтерінің төмендеу себебін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың ақпанында Ұлттық қор активтері 57,6 млрд долларды құрады. Бұл туралы бгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қордың активтері бір айдың ішінде 70 млн АҚШ долларына мына себептер бойынша төмендеп, биылғы жылғы ақпанның соңында 57,6 млрд АҚШ долларын құрады: Биылғы жылғы ақпанда 375 млрд теңгеге немесе 900 млн АҚШ долларына нысаналы және кепілдендірілген трансферттер бөлу үшін 443 млн АҚШ доллары сатылды; Ұлттық қорға түсімдер 164 млрд теңге, оның ішінде валюталық түсімдер 255 млн АҚШ доллары немесе теңге баламасында 106 млрд болды», - деді 2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған Ерболат Досаев.

Оның атап өтуінше, MSCI World акциялар индексінің осы жылғы қаңтардағы құлдыраудан кейін ақпанда 2,6 пайызға өсуі Ұлттық қордың оң инвестициялық кірісіне ықпал етті. Ол бір айда 116 млн АҚШ доллары болды.


Соңғы жаңалықтар