Ерболат Досаев сайлауға жұбайымен бірге келді

None
Фото: gov.kz
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алғашқылардың бірі болып таңғы сағат 7-де №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін өтіп жатқан сайлау Қазақстан өміріндегі маңызды оқиға. Бұл Мемлекет басшысы былтыр наурыз айында жариялаған саяси реформалардың соңғы кезеңін білдіреді. Қала Мәжіліс пен маслихаттың сайланған депутаттары алдында жаңа міндеттер туындайды және олардың жұмысы Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі бастамаларды қолдауға бағытталуы тиіс. Қазақстан мен біздің сүйікті Алматының тағдырына шын жүректен алаңдайтын алматылықтар бей-жай қарамайтынына және және жарқын болашаққа дауыс беретініне сенімдімін», - деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астана уақытымен таңғы сағат 4-те Сеулде №258 және Токиода №261 сайлау учаскелері әлемде бірінші болып ашылды.

Оңтүстік Кореядағы ҚР азаматы курсант Асанов Ельнур бірінші болып дауыс берді.

ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша – 29 депутат сайланады.


Соңғы жаңалықтар