Ерболат Досаев өңірлердегі инфляция сәйкессіздігін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлер бойынша инфляция елеулі сәйкессіздіктерді көрсетуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлер бойынша инфляция елеулі сәйкессіздіктерді көрсетуде. Мәселен, Маңғыстау облысында ол республикалық деңгейден 1,3 проценттік тармаққа, Қарағанды облысында және Нұр-Сұлтан қаласында 0,4 проценттік тармаққа асып түсті», - деді ҰБ төрағасы.

Оның айтуынша, жалпы республика бойынша 11,4 пайыз деңгейінде болғанда 12 пайыздан жоғары азық-түлік инфляциясы Қарағанды, Атырау, Павлодар облыстарында тіркелді. Азық-түлікке жатпайтын инфляция бойынша елде 5,3 пайыз болғанда Маңғыстау облысы 6,9 пайызбен алдыңғы қатарға шықты.

«Жалпы республика бойынша инфляция 4,1 пайыз болған кезде 5 пайыздан жоғары ақылы қызметтер инфляциясы Маңғыстау облысында, Нұр-Сұлтан қаласында, Ақтөбе облысында тіркелді», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар