+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Ерболат Досаев мұнайға сұраныс жөнінде пікір білдірді

2020 жылғы 19 қараша 11:15
Бөлісіңіз:
Ерболат Досаев мұнайға сұраныс жөнінде пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев коронавирус індетінің әлемдік экономикаға әсері жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек - Мәулен Әшімбаев Мәжіліс өзге мемлекеттермен қарым-қатынаста Қазақстан мүддесін қорғайтын құжатты мақұлдады ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс

«2021 жылдың ортасына дейін пандемияны тежеу шектеулерді сақтап, қажет болған кезде оларды күшейту керек болады. Бұл әлемдік экономиканың қалпына келуін едәуір тоқтата тұруы мүмкін. Екіншіден, әлемдік тауар нарықтары, әсіресе мұнай нарығы құбылып тұр. Еуропаның бірқатар ірі елінде жаңа локдаундар енгізу мұнайға сұраныстың қалпына келу қарқынына ықпал етеді, оның нәтижесінде мұнай өндіру қайтадан сұраныстан асып кетуі мүмкін», - деді Е. Досаев Сенаттың жалпы отырысында.

Оның айтуынша, мұнай бағасының қарқыны көп жағдайда биылғы 30 қараша - 1 желтоқсанда өтетін ОПЕК+-тің министрлік кездесуінің қорытындысына байланысты болады, онда 2021 жылы мұнай өндіру квоталары туралы шешім қабылданады.

«Үшіншіден, әлем экономикасының қалпына келуі сауда шектеулерін алуға және жеткізу тізбегін қалпына келтіруге байланысты болады. Азия-Тынық мұхит өңірінде Қытай мен үлесіне әлемдік экономиканың 29 пайызы тиесілі 14 елдің арасында әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағын құру оң белгі болды. Жаңа келісім әлемдік экономиканың қалпына келу қарқынына оң әсер етуі мүмкін», - деді ҰБ басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, осы жағдайларда әлемдік экономиканың қалпына келуі 2021 жылдан басталады, бірінші болып дағдарыстан дамыған елдер шыға бастайды. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) болжамы бойынша төмен базаның аясында әлемдік экономиканың өсуі 2021 жылы 5,2 пайызға жетіп, орта мерзімді перспективада 3,5 пайызға дейін біртіндеп баяулайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT