+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Ерболат Досаев қаржы нарығына жаңа банктердің кіруіне қатысты пікір білдірді

2019 жылғы 13 қараша 11:37
Бөлісіңіз:
Ерболат Досаев қаржы нарығына жаңа банктердің кіруіне қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев отандық банктер бәсекелестікке дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Депозит бойынша ең жоғары пайыздық мөлшерлеме қандай Ұлттық қордың активтері $1,3 млрд өсті Қаржыны қайда салған тиімді: Қайрат Келімбетов тұрғындарға кеңес берді

«Маған үнемі ресейлік ірі банктермен бәсекелестікке қатысты сұрақ қойып жатады. Бүгінде еншіліс банк түрінде барлық үш ірі институт (Сбербанк, ВТБ, Альфа банк) бізде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, филиал ретінде қытайлық банктер де қызмет көрсетуде», - деп тоқталды Е. Досаев.

Осы орайда ол қазақстандық банктердің бәсекеге қабілеттілігіне алаңдаудың себебі жоқ екенін атап өтті.

«Алдағы жылдың желтоқсан айынан бастап тікелей филиалын құратын бас институттың негізгі капиталы 20 млрд АҚШ долларын құрауы тиіс. Бұл өз кезегінде тек ірі институттардың кіруін ғана қамтамасыз етеді. Осы орайда біздің нарыққа олардың келуінен ешқандай проблеманы байқап тұрғаным жоқ. Керісінше, тікелей капиталмен және бірлескен капитал түріндегі 14 шетел банкінің жұмысы кезеңінде біздің банктік институттар өздерінің жұмыстарын белсенді етіп, тарифтерін төмендетті, сондай-ақ жаңа өнімдерді енгізді», - деп тоқталды Е. Досаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT