+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Ерболат Досаев инфляцияға қатысты түсінік берді

2020 жылғы 21 қазан 11:47
Бөлісіңіз:
Ерболат Досаев инфляцияға қатысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев инфляцияға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Әлемдік қаржы және тауар нарықтары әлемде коронавирус таралуының екінші толқыны және жаңа шектеу шараларын енгізу аясында құбылмалы болып қалуда.

Осы жағдайларда ағымдағы жылы Үкімет ІЖӨ-нің 2,1 пайызға қысқаруын ескеріп отыр, бұл Ұлттық банктің жаңартылған болжамына сәйкес келеді. Ұлттық банк 2020 жылға арналған бюджеттің өлшемдерін нақтылау үшін ақша-кредит саясаты көрсеткіштерінің және төлем балансының болжамын жаңартып, ұсынды. Біздің бағалауымыз бойынша инфляция 2020 жылдың соңына дейін 8 пайызға дейін жылдамдайды. Жылдық инфляция ағымдағы жылғы қыркүйекте 7 пайыз болды», - деді Досаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, азық-түлік инфляциясы бағаның өсуіне негізгі үлес қосуды жалғастыруда, ол ағымдағы жылғы қыркүйекте 10,8 пайызды құрады. Оның өсуі жеткізу тізбегінің бұзылуына, шикізат өнімінің қымбаттауы аясында өндірушілер бағасының өсуіне байланысты.

«Биылғы жылдың соңына дейін коммуналдық қызметтер мен көлік тарифтерінің өсуі аясында 2020 жылғы қыркүйекте 3,6 пайызға дейін жылдамдаған ақылы қызметтер бағасының қалыпты өсуі болжануда», - деді ҰБ басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT