Ерболат Досаев инфляция көрсеткішіне қатысты түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев инфляция көрсеткішіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы наурызда нан-тоқаш өнімдері, ет, қант және жеміс-көкөніс өнімдері бағасының баяу өсуі аясында азық-түлік инфляциясының 11,6 пайыздан 10,7 пайызға дейін баяулауы есебінен инфляция 7,4 пайыздан 7 пайызға дейін баяулады. Азық-түлікке жатпайтын инфляция өндірушілер бағасының өсуіне байланысты бензин құнының күрт өсуі нәтижесінде 5,2 пайыздан 5,6 пайызға дейін жылдамдады», - деді ҰБ басшысы Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурызда елдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын талқылау кезінде.

Оның айтуынша, ақылы қызметтердің инфляциясы 3,9 пайыздан 3,7 пайызға дейін баяулады, бұған тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің жекелеген түрлеріне тарифтердің төмендеуі алып келді.

Сонымен қатар ол 2021 жылдың соңына қарай инфляция 4-6% нысаналы дәліздің жоғарғы шегіне дейін төмендеуі мүмкін екенін айтты.

«Биылғы наурызда азық-түлік инфляциясының бәсеңдеуіне қарамастан, ол бұрынғысынша екі таңбалы өсу аймағында сақталуда. Азық-түлікке шектеулі ұсыныс пен әлемдік азық-түлік нарықтарындағы бағаның өсуі аясында жекелеген азық-түлік өнімдерінің қымбаттауы байқалады. Азық-түлік инфляциясына май, қант, жұмыртқа, жемістер мен көкөністердің үлесі 35 пайыздан асады. Азық-түлік инфляциясының баяулауына қарамастан, азық-түліктің әлемдік бағасының қымбаттауына байланысты жекелеген тауарлар бағасының жоғары өсу тәуекелі сақталуда», - деді Е. Досаев.


Соңғы жаңалықтар