Ерболат Досаев Екібастұздағы жағдай Алматыда қайталанбас үшін не істеліп жатқанын айтты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында Екібастұздағы апатқа пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында Түрксіб ауданы тұрғындарының бірі шаһар басшысы Ерболат Досаевқа жылу және электр желілерінің дайындығы туралы сұрақ қойды.

«Алматыда Екібастұздағыдай жылу жүйелерін өшіру қаупі бар ма?» деп сұрады аудан тұрғыны.

Алматы әкімі Екібастұздағы жағдайды болдырмау үшін қолынан келгенін жасап жатқанын айтты.

«Біз қыс мезгіліне қағаз жүзінде ғана емес, өте жақсы дайындалдық. Жақында Мемлекет басшысы мен премьер-министрден энергетика жүйесіне ревизия жүргіземіз деген тапсырма келді. Жұмыс 1 желтоқсанда басталады»,- деді Ерболат Досаев

Сонымен қатар, ол құзырлы органдар екі апта ішінде 1-15 желтоқсан аралығында жылу желілері мен қазандықтарды қосымша тексеруден өткізетінін атап өтті.

«Әзірге апатқа әкелетін алғышарттар жоқ деп үміттенемін. Жақында Гоголь көшесіндегі төтенше жағдай болды, желілер тозған, бірақ Алматы мұндай жағдайға дайын»,- деді ол.


Соңғы жаңалықтар