Ерболат Досаев: Банк жүйесiн күшейту жұмыстары жалғасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Банк жүйесiн күшейту жұмыстары жалғасады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Үкімет пен Ұлттық Банк арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім жөнінде» баяндаған ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қамтамасыз етілген кредиторлардың басым құқықтарын жүзеге асыру кәсіпорындарды және банктердің несие портфелін қалыпқа келтіруге жағдай жасайды. Жоғары сот органдарымен банкроттық салада құқық қолдану тәжірибесін пысықтау бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Банк жүйесiн күшейту бойынша жұмыстар жалғасады. Ұлттық банктің соңғы сатыдағы кредиторы функциясын толық іске асыру маңызды болуда», - деді ол.

Оның атап өтуінше, тәуекелге бағдарланған қадағалауды іске асыру банктердің активтер сапасын бағалау (Asset Quality Review) жоспарларына да байланысты болады. Бүгін оны жүргізуге дайындық басталды. AQR капиталы жеткіліксіз банктерді анықтап, алдын-алу шараларын ерте кезеңде қолдануға көмектеседі.

«Қолма-қол ақшасыз төлемдердің қолжетімдігін арттыру және олардың инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады. Ірі мәмілелер бойынша есеп айырысуды қолма-қол ақшасыз нысанға аудару бойынша шаралар қабылданады», - деді Е.Досаев.

ҰБ басшысы тұтынушылық кредиттеу саласында халық үшін тәуекелдер күшейіп жатқанын баса айтты.

«Бұл жағдайларда кредиттік серіктестіктер, онлайн кредиторлар және ломбардтар сияқты банктік емес ұйымдарды реттеу бойынша ұсыныстар қарастырылады. Келісім шарттарының ашықтығына, сондай-ақ тұтынушылардың, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғауға қойылатын талаптар күшейтіледі», - деді Е.Досаев.

Соңғы жаңалықтар