+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Ерболат Досаев әлемдік экономикаға әсер етіп отырған факторларды атады

2020 жылғы 10 наурыз 09:36
Бөлісіңіз:
Ерболат Досаев әлемдік экономикаға әсер етіп отырған факторларды атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ОПЕК+ қатысушылары мұнай өндіруді қысқарту мәмілесі талаптарына келісе алмады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың ақпан айында инфляция 0,6 пайыз болды. Жылдық мәнде 6 пайызға дейін өсті. Негізгі үрдіс азық-түлік тауарлары бағасының өсуінен 8,6 пайызға дейін баяулауы болды. Инфляцияның жылдамдауы азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылық қызметтердің 5,4 пайызға және тиісінше 3,2 пайызға дейін қымбаттауының нәтижесінде орын алды. Осы жылғы ақпанның басым бөлігінде шетел валютасының әкелінуі, экспорттаушылардың валюталық түсімді сатуы мен түсімге кепілдік берілген трансферттер үшін Ұлттық қордың валюталық активтерін конвертациялау аясында нығая түсті», - деді ол.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, осы жылдың 24 ақпанында коронавирустың тарауы әлемдік экономикаға әсер етіп, жағдай күрт өзгерді.

«Осы жылдың 6 наурызында ОПЕК+ қатысушылары мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәміленінің талаптарына келісе алмады. Ресей өндіруді төмендету ұсынысын қолдамады. Осыған байланысты Сауд Арабиясы осы жылғы 8 наурызда әлемнің барлық өңірлері үшін өз мұнайының бағасын төмендету және мұнай өндіруді тәулігіне ағымдағы 9,7 млн баррельден 12 млн баррельге дейін ұлғайтуға дайын екендігі туралы шешімін хабарлады. Бұл мұнайдың әлемдік бағаларын айтарлықтай төмендетуге алып келді. 9 наурызда Brent маркалы мұнай әлемдік нарықтарда бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары шеңберінде саудаланды, алдыңғы күнмен салыстырғанда төмендеу 30 пайыздан асты», - деді ҰБ төрағасы.

Оның атап өтуінше, 9 наурызда офшорлық нарықтардағы рубльдің әлсіреуі мұнай бағасының құлдырауы аясында ең жоғарғы мәндерде бір АҚШ доллары үшін 75,4 рубльге дейін шамамен 10 пайызды құрады.

«9 наурызда сауда-саттық ашылған кезде S&P500 индексі 7 пайызға төмендеді. Содан кейін сауда-саттық уақытша тоқтатылды», - деді Ерболат Досаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT