Ерболат Досаев алдағы экономикалық даму көрсеткішіне болжам жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдік жалпы ішкі өнім болжамы 2021 жылы 6 пайыз деңгейінде сақталды. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дамушы елдердегі вакцинацияның әлсіз қарқынына және аурудың өсуіне байланысты Халықаралық валюта қоры биылғы жылғы 27 шілдеде ішкі жалпы өнім болжамын 6,3%-ке дейін 0,4 пайыздық тармаққа төмендету жағына қайта қарады. Дамыған елдерде вакцинацияның жоғары қарқыны мен сақталып отырған ынталандырулар есебінен Халықаралық валюта қоры 2021 жылы 5,6%-ке дейін 0,5 пайыздық тармаққа күрт өсуді күтуде. Әлемдік ішкі жалпы өнім болжамы 2021 жылы 6% деңгейінде сақталды», - деді Е. Досаев.

Оның атуынша, дамушы елдердің өсу перспективаларының нашарлауына байланысты 2022 жылдың соңына қарай олардың экономикаларын қалпына келтіру күтіледі. Дегенмен, Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасының өсуі жөніндегі болжамды 3,2% деңгейінде сақтады. Бұдан бөлек, іскерлік белсенділік қарқынының баяулауына қарамастан, әлемдегі проинфляциялық қысым сақталып отыр. Бұл үрдіс жеткізу мерзімін ұзартумен бірге кейінге қалдырылған сұранысты іске асыру аясында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігін күшейтеді.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының ФАО мәліметтері бойынша шілдеде азық-түлік тауарларының әлемдік бағасы қатарынан екі ай бойы төмендеп, 123 тармақ белгісіне жетті. Бұл ретте ФАО азық-түлік бағалары индексінің жылдық өсімі 29,1%-ті құрап, жоғары деңгейде сақталуда. Болжамдар бойынша дамыған елдерде инфляция 2021 жылдың соңына қарай тұрақтанады, дамушы елдерде 2022 жылдың соңына дейін нысаналы деңгейден жоғары мөлшерде сақталады, бұған азық-түлік, шикізат тарапынан проинфляциялық қысым және валюта бағамдарының әлсіреуі ықпал етеді», - деді ҰБ басшысы.


Соңғы жаңалықтар