Ербол Жұмағазин Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат –Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Ербол Жұмағазин тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ербол Жұмағазин 1979 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын «Банк Туран Алем» ААҚ оқу орталығында тәжірибеден етуші (стажер) ретінде бастаған;

2004-2012 ж.ж. – «БТА Банк» АҚ директоры;

2012-2019 ж.ж. – «Еуразиялық Банк» АҚ директоры;

2020-2021 ж ж. – «Jusan Bank» AҚ директоры;

2021 жылдың желтоқсан айынан бастап осы күнге дейін «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК директоры қызметіне атқарды.

Фото: өңірлік коммуникациялар қызметі
Соңғы жаңалықтар