+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Ербол Оспанов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

2020 жылғы 30 шілде 18:54
Бөлісіңіз:
Ербол Оспанов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Дүйсебайұлы Оспанов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Әлихан Смайылов: Қазақстанда креатив экономиканы дамытуға қажетті адами капитал бар Пандемияның қоғамға ықпалы, журналистиканың рөлі және адами резерв - Президенттік кадрлық резерв форумы Батыстағы үш өңірге ортақ балық инспекциясына жаңа басшы тағайындалды

Ербол Оспанов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы «Казгипрожелдортранс» темір жол көлігінің нысандары мен ақпараттық жүйелерін жобалаудың қазақстандық техникалық-экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да 1-санатты инженер болып бастады.

2000-2001 жылдары — «Казгипрожелдортранс» темір жол көлігінің нысандары мен ақпараттық жүйелерін жобалаудың қазақстандық техникалық-экономикалық зерттеулер институты» АҚ филиалының жетекші инженері.

2001-2006 жылдары «Қазақстан темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жобалар жетекшісі болып жұмыс істеді.

2006-2007 жылдары — «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» АҚ ақпараттық жүйелерді әзірлеу басқармасының жүйелік талдау және бизнес жоспарлау бөлімінің жетекші инженер-жобалаушысы.

2007-2010 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жұмыс істеді, онда мемлекеттік органдардың АКТ-бөлімшелерін құру департаментінің бас маманы, мемлекеттік органдардың АКТ-бөлімшелерінің жұмыс істеуі жөніндегі бағдарламаның АКТ-процестерінің бас менеджері, құзырет орталығы директорының орынбасары, құзырет орталығының директоры лауазымдарын атқарды.

2010-2012 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарушы директоры, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

2012-2016 жылдары «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-да бас директордың бірінші орынбасары, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

2016-2020 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ вице-президенті, бірінші вице-президенті, президенті қызметтерін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT