Ербол Қарашөкеев топырақ сапасы нашарлаған алқаптар туралы түсінік берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сортаңданған жердің алаңы шамамен 800 мың гектарды құрады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республиканың барлық суармалы жерлерін мелиорациялық мониторингпен қамту мақсатында өткен жылы гидрогеологиялық-мелиорациялық қызметтің құрылымы оңтайландырылды. Сортаңданған жердің алаңы шамамен 798,4 мың гектарды құрады, оның ішінде қатты сортаңдану дәрежесінде 133,6 мың гектар. Мұндай жерлердің негізгі алаңдары Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл облыстары мен Жетісу облыстарында орналасқан», - деді Е. Қарашөкеев.

Оның айтуынша, қазіргі кезде эрозияға байланысты 29,3 млн гектар іс жүзінде одан әрі пайдалануға жарамсыз.

«Бұл ретте, жыл сайын 5 млн гектардан 7 млн гектарға дейінгі алаңда топырақтың сапалық сипаттамасын айқындау мақсатында ауыл шаруашылығы жерлеріне зерттеу жүргізіледі», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 1,5 млн гектар суармалы жер игеріледі.

Қазақстан аумағында жаңбырлатып суаратын машиналар шығаратын зауыттар салынады.


Соңғы жаңалықтар