Ербол Қарашөкеев мақта бағасына қатысты түсінік берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мақтаны нарықтарда өткізуге қатысты проблеманы атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл өсірілген мақтаны сату бағасына қатысты проблема болды. Осы жылы мақтаның алаңы 16 мың гектарға ұлғайып, 126 мың гектарды құрады. Бұған мақтаны 2021 жылғы сатып алу бағасының 2020 жылға қарағанда күрт өсіп, әр тоннасына 350 мың теңгені құраған жоғары құны ықпал етті. Алайда биыл мақта бағасы жоғары болады деген болжам ақталмады. Әлемдік нарықтарда сұраныс төмендегендіктен, мақтаның әлемдік бағасы да төмендеді», - деді Е. Қарашөкеев.

Оның айтуынша, аталған мәселені реттеу мақсатында өнімді өткізу проблемасын шешуге бағытталған шараларды қабылдау керек. Атап айтқанда, мақтаны одан әрі өткізу мүмкіндігіне қарай тиісті егіс алаңдарын айқындау, өңірді сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ шетел компанияларын тарта отырып, мақтаны елімізде қайта өңдеу шараларын қабылдау маңызды. Бұл мәселелерді Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пысықтап жатыр.


Фото: primeminister.kz


Соңғы жаңалықтар