Ербол Қарашөкеев Қызылорда облысында күріш өсірудегі проблеманы атады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қызылорда облысында күріш өсірудегі проблеманы атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейінгі бірнеше жылда Қызылорда облысында су тапшылығы қатты сезілгені баршаға мәлім, Сырдария өзенінің ағыны бірнеше есе төмендеген. Қолданыстағы коллекторлық-кәріз жүйелері тозған. Соның салдарынан топырақтың тұздану және егістіктердің айналымынан шығу процестері күшейіп келеді. Тұздардың артық мөлшерде болуы күріш тұқымының өсу қарқынын тежейді, топырақтың құнарын төмендетеді, сондай-ақ суды ластайды», - деді Е. Қарашөкеев.

Осы орайда Ауыл шаруашылығы министрлігі Қызылорда обласы әкімдігімен бірлесіп, күріш өндіру, егістік алқаптары мен тұқымды жақсарту кезінде күріш өсіруде механикаландырылған суаруды енгізу мүмкіндігін зерделеп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл басқа да тиімді дақылдарға көшу есебінен күріш алаңы 2021 жылмен салыстырғанда 8,7 мың гектарға азайды. Оның ішінде Қызылорда облысында 5,3 мың гектар, Түркістан облысында - 2,9 мың гектар және Алматы облысында 0,6 мың гектарға қысқарды.


Соңғы жаңалықтар